Шымбұлақ
Медеу - әлемдегі ірі таудағы мұз алаңы. Ол солай аталатын шатқалда теңіз деңгейінен 1700 метрде Кіші Аламаты өзенінің аңғараында орналасқан. Оның жан-жағын тау сілемдері қоршаған. Экскурсия кезінде туристердің қалауы бойынша осы ерекше мұз алаңында 1 сағат көлемінде сырғанауға болады. Туристердің назарын сонымен қатар селдерден қорғау мақсатында Кіші Алматы өзенінде тұрғызылған плотина қызықтырады. Бұл жерден тау шыңдарының керемет көрінісі ашылады (830 баспалдақ). Экскурсанттың қалауы бойынша плотинаға да көтерілуге болады. Шымбұлақ тау курорты Іле алатауының керемет бөктерінде теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орналасқан. Тау шаңғы трассаларында үш аспалы жолдарбар, солардың көмегімен 20 минут ішінде Талғар асуында (3200 м) боласыз. Сноубордпен айналысатындар үшін сноупарктер бар, ал балалар үшін сырғанауға арналған балконды көтерме бар. Шымбұлақта қараша-мамыр айларында шаңғы тебуге болады, ал жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалауға болады. Экскурсияның бағасы - 3000 тг бір оқушыға, топ 18 адамнан кем болмау керек. Экскурсия бағасына кіреді: транспорт экскурсовод қызметі мұражайға кіру билеті