ҚАЗАҚСТАН ІІМ шипажайы

Қазақстан IIМiнiң шипажайы Алматы қаласының оңтүстiк-шығысында, Iле Алатауының баурайында, әдемi жерде, теңiз деңгейiнен 1080 метр биiктiкте орналасқан. Шипажайды қоршаған әсем көрiнiстiң, таулардың әдемiлiгi, қолайлы ауа райы жүйке және тыныс мүшелерiнiң ауруларына, жүрек-қан тамырлары ауруларына, тiрек-қимыл аппаратты ауруларына, сонымен бiрге гинекология және урологиялық ауруларға оң әсерін тигізеді. Ауа райының сауықтыру әсерi бальнеотерапия және минералды сумен, жылу және физиопрошаралармен үйлестіріледі.
Шипажайда дәстүрлі емдеумен қатар заманның жетістіктерімен сай құралдар мен емдеу әдістерін еркін меңгерген білікті дәрiгерлер мен профессорлар және ғылым кандидаттары жұмыс iстейдi.
Емдеу және консультациялар аурулардың түрлерi бойынша хирургиялық, терапевтік, неврологиялық, урологиялық, гинекология және тiс емдеу мен тағы басқа профильдер бойынша жүргізеді.

Жолдаманың құны 6500 теңгеден бастап. Жолдамаға 5 уақыттық тамақтану, нөмерде тұру және емдеу қызметтері кіреді. Ұсынылатын жолдама ұзақтығы 10 күн мен 20 күнге дейін.

Емдеу кешеніне:
- Дәрiгердiң қабылдауы;
- Шарко, минералды былау, душ, су асты массажы, циркуляр душы су процедураларының 11-шi түрі және тағы басқалар;
- 22 түрлі Физиотерапевтикалық шаралар;
- Жылулық процедуралар (балшық немесе озокерит;)
- Фитотерапия:
- Оттекті коктейл:
- Электр массажы.
- Мойын массажы:
- Қан талдау, несеп талдау. Дәрiгердiң тағайындауымен ЭКГ:
- микрореакция - емдеу мерзiміне 1 рет: Жолдаманың құнына сонымен бiрге минералды суы бар хауыз және емдiк жаттығу залына бару кiредi

Нөмерде тұру бағалары

Стандарт санатты нөмерлерде тұру
бiр орындық стандартты8 000 теңге
екi орындық стандартты13 000 теңге
екi орындық кіші люкс16 000 теңге
екi орындық үлкен люкс18 000 теңге
"Бiрiншi дәрежелі" санатты нөмерлерде тұру
бiр орындық стандартты10 000 теңге
екi орындық стандартты15 000 теңге
екi орындық кіші люкс18 000 теңге
екi орындық үлкен люкс20 000 теңге

Бiздiң шипажай емделушілерге келесідей қосымша қызметтер ұсынады:
- мамандар кеңесі
- косметолог қызметi
- тіс дәрігері қызмті
- шаштараз
- дәстүрлi емес шығыс дәрiгерлiгiнiң емдеуi

Шипажай аумағында сауна және жаттығу залы бар.
Шипажайда түрлі семинарлар мен конференциялар өткiзуге қолайлы. 200 адамға дейiн қатысушыларды қабылжай алады.

Бронирование





Имя, телефон, email