Алматы қаласы бойынша тарихи экскурсия

Алматы қаласы Іле Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 700-900 м биіктікте орналасқан.
Ауданы 250 шаршы км, халқының саны шамамен 1,5 млн адам.1997 жылы Қазақстан Республикасының
астанасын Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруіне байланысты қалаға еркеше статус беріліп,
мемлекеттің саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталығы деп танылады.
Шыңдары мәңгі қармен жамылған таулар ортасындаорналасуымен, өзіндік архитектуралық көрінісі мен
керемет жасыл жамылғысының арқасында Алматы қаласы Қазақстанның туристік орталығы болып отыр.
Экскурсия кезінде Алматының тарихи бөлігнде болып, 28 гвардияшы панфиловшылар паркін,
Даңқ Мемориалын, Кафедральді соборды, қаланың танымал алаңдарын, 20 ғасырдың 30-шы және 50-ші
жылдары қалыптасқан ескі әкімшілік орталығын, басқа да парктерді тамашалайсыздар. Қазақстанның
бас алаңы – Республика аалаңындағы архитектуралық ансамбльмен, Тәуелсіздік монументімен танысасыздар.
Тұрғындардың жақсы көретін даңғылдары - Абай, Достық, абылайхан даңғылдарымен жүріп өтіп,
алматының сауда, спорт және мәдени кешендерінде боласыздар. Эскурсияның тақырыбына байланысты
Сіздің қалауыңыз бойынша Сіз Қазақстан Республикасының Орталық мұражайына, Даңқ Мемориалына және
т.б жерлерге бара аласыз.
Экскурсияның бағасы - 800 тг бір оқушыға, топ 55 адамнан кем болмау керек.
Экскурсия бағасына кіреді:
транспорт
экскурсовод қызметі
мұражайға кіру билеті

Бронирование





Имя, телефон, email