М.О. Әуезовтың әдеби-мемориальды мұражай үйі
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың әдеби-мемориальды мұражай үйі өзінің есігін 1963 жылы 28 қарашада ашты. Ғимараттың бірінші қабатында орналасқан мұражай залдарындағы экспозицияны жазушының әйелі Валентина Николаевна Әуезова берген қор құрайды. Екінші экспозиция 1973 жылы ашылған болатын. Оның авторы Я.Нимец. Мұражайда кітапхана, жылжымалы көрмелер залы, қайта қалпына келтіретін шеберхана бар. Қазіргі уақытта мұражайда 72,6 мың экспонат бар.
Экскурсияның бағасы - 800 тг бір оқушыға, топ 55 адамнан кем болмау керек.
Экскурсия бағасына кіреді:
транспорт
экскурсовод қызметі
мұражайға кіру билеті