АҚ-БҰЛАК шипажайы
Жер жаннаты Жетісудағы «Ақ бұлақ» шипажайы
Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан бүгінгі заманның талабына сай күрделі жөндеуден өткен шипажай кезінде космонавттардың ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болып белгіленгені бекер болмаған. Себебі табиғаты әсем, оттегіне бай, 250 метр тереңдіктен шығатын минералды суы, сылдырлап қысы-жазы ағатын өзені, қайың, шырша, емен ағаштары, жүзу бассейін мен спорттың түр-түріне орындары толық дем алып дене сауықтыруға барлық жағдай жасайды.
2002 жылы жаңадан салған 3 қабатты емдеу орталығы бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Емдеу орталығында жүрек, қан-тамырлары, асқазан, ішек, бүйрек, жыныс бездері, бауыр, өкпе, жүйке-нерві, буын, сүйек омыртқа, әйелдер мен ерлердің жыныстық аурулары, аллергия мен тері ауруларына арнайы жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған.
Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан-құрамына, өмір сүру тәртібіне, тамақтану әдісіне байланысты әр адамға жеке бағдарламамен қолданылады.
Жолдама бағалары
| Атауы | Номер бағасы | 1 адамға |
| Екі орынды, номерде: 2 төсек, 2 тумбочка, шкаф, стол, орындық, теледидар, тоңазытқыш, ванна, сан. желі, ыдыс-аяқ | 14000 | 7000 |
| Полу люкс, номерде: 2 кісілік төсек, журнал столы, 2 кресло, шкаф, стол, орындық, теледидар, тоңазытқыш, ванна, сан. желі, ыдыс-аяқ | 9000 | Проживание за второго человека 5000 тг |
| Люкс (2 орынды). Люкс номер 2 бөлмеден тұрады, 2 кісілік төсек, шкаф, диван, кресло, ванна, сан. желі, тұрмыс құралдары, мини бар, ыдыс-аяқ, тоңазытқыш, телефон, теледидар. | 16000 | екі кісіден артық тұратын әрбір адамға 4000 тг |
| Коттедж (2 орынды). Коттедж 3 бөлмеден тұрады, 2 кісілік төсек, шкаф, диван, кресло, ванна, сан. желі, тұрмыс құралдары, мини бар, ыдыс-аяқ, тоңазытқыш, телефон, теледидар. | 18000 | екі кісіден артық тұратын әрбір адамға 4000 тг |
| Балаларға 3 жасқа дейін | тамақ үшін | 1000 теңге |
| 3 жастан 6 жасқа дейін | - | 3000 теңге |
| 6 жастан 12 жасқа дейін | - | 4000 теңге |
Жолдама бағасына:
-номерде тұру,
-4 уақыт тамақтану,
-емделу кіреді.
Емдеу түрлері табиғи, халықтық медицинасына сүйене отырып, шөптің бірнеше түрлерімен, балшықпен, минералды суменен, инемен, сүлікпен, тұзды немесе оттегімен азондалған ауамен, денені шлактан, улы заттардан тазарту әдістерімен /қан тазарту, бауыр өтін жуу, ішекті минералды сумен тазарту/, тағамның ішу тәртібін реттеу немесе аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен ауру денені қалпына келтіру, тоқпен, жарықпен, шунгит тасымен және денені үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдістерін қолдану тәсілдері қолданылады. Емдеу тәртібі сенбі, жексенбі күндерінде де жалғасады.
Шипажайға келген адамдар ем алумен қатар Алматы, Алматы облысының тарихи ескерткіштерімен көркем сәулеттеріне экскурсия жасап, бос уақытында би, ойын-сауық, кино, концерт тамашалап, спорттың түр-түрімен айналыса алады. Бөлмелерге ыстық-мұздай минералды су қосылып, тоңазытқыш, көгілдір экран, телефон және ұялы телефонның бәрімен байланыс орнатылған.
Бірінші байлық денсаулық, денсаулық өзін-өзі күтіп, уақытылы емделгенде ғана болатынын ұмытпайық.
Шипажайдың мекен жайы: Талғар ауданы, Шымбұлақ поселкісі, Талғар-Алматы трассасы, Талдыбұлақ аялдамасы. Дем алып, емделуге қашанда есік ашық.

