ҚАПАЛ-АРАСАН шипажайы

Сәуір айынан бастап қызмет көрсетеді
Сіздерді 150 жылдық даңқы бар "Қапал Арасан" курортында демалуға және сауығуға шақырамыз. "Қапал Арасан" санаторийі Жетісу жүрегі Талдықорған қаласынан 110 шақырым жерде Жонғар Алатауының солтүстігінде, қазақтың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтың "Жетісу суреттері" жырында сұлулығы паш етілген таңғажайып көрікті Жөңке жазығында орналасқан. Оның таулы алқаптық климаты, сан-алуан шөптер мен гүлдердің жұпарына қаныққан таза ауасы, шуағы мол күні және шипалы суы ежелден-ақ адамдарды өзіне тартқан. "Қапал Арасанның" шипалы суының емдік қуаты жергілікті тұрғындарға бұрыннан-ақ белгілі болғаң ал мұнда алғашқы курорт 1852 жылы құрылған. "Қапал Арасан" куротында әр кездерде Шоқан Уәлиханов, Семенов - Тяньшанский сияқты атақты адамдар да өз денсаулықтарын түзетіп, демалған. Аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев "Қапал Арасанды" ерекше ұнатып, оның дамуына едәуір үлес қосқан. "Қапал Арасан" санаторийінің негізгі емдік көзі - термальды бұлактар. Бұл шипакөз суы өзінің құрамы жағынан Болғариядағы "Бани", "Велинград", Чехославакиядағы "Янски Лазне", Грузиядағы "Цхалтубо" және Югославия, Венгрия,Италия, Франция т.б. елдердегі атақты әлемдік курорттардың емдік суларынаң баламасы бола алады. Қапал Арасанның табиғи минералды суы адам ағзасына көп қырынан әсер ететін емдік қуатқа ие. Бұл судың терапевтік әсері оның құрамында газ тәріздес азоттың, физиологиялық белсенді кремний қышқылының жоғары сілтіктің, сондай-ақ радонның аздаған мөлшерінің болуымен байланысты. Олар тірек-қозғалыс мүшелері ауруларын (артриттер пен полиартриттер, остеохондроз, радикулит), жүйке жүйесің ауруларын, жүрек-қантамыр ауруларын, гинекологиялық және урологиялық ауруларын (дерматиттер, аллергиялық дерматиттер), ас қорыту ағзалары ауруларын, байырғы созылмалы және кәсіптік интоксикацияларды емдеу және алдын алу үшін ұсынылады. Термальды сумен емдеу мынадай түрлерде жүргізіледі: жалпы ағзаға арналған ванна; ағзаның белгілібір нүктесіне гидротерапия; циркулярлық бүрікпе; жауынды бүрікпе; жоғары шапшыма бүрікпе; Шарко бүрікпесі; суасты бүрікпе-массаж; гинекологиялық жуу және ішек құрылысын жуу (АМОК-2 аппараты), ауыз қуысындағы қызыл иекті жуу, сондай-ақ ішү режимі түрінде..

Тұру бағалары:

Номер санатыорындар саныТәуләктік бағасыҚосымша орынның бағасыНомерде бар
---үлкен адамға.балаға.-
станд 2 орынды213000460032001 бөлме, сан. желі, теледидар
полулюкс 1 орынды18000360026001 бөлме, сан. желі, теледидар, тоңазытқыш
полулюкс 2 орынды216000560040002 бөлме., (жатын бөлме, қонақ бөлмесі), жеке сан. желі,, теледидар, тоңазытқыш, телефон
люкс 2 орынды221000600040002 бөлме., (жатын бөлме, қонақ бөлмесі), жеке сан. желі,, теледидар, тоңазытқыш, телефон
люкс 4 орынды433000620042003 бөлме., (2жатын бөлме, қонақ бөлмесі), жеке сан. желі,, теледидар, тоңазытқыш, телефон
коттедж438000650045003 бөлме., (2жатын бөлме, қонақ бөлмесі), ас бөлмесі, кіре беріс, ашық терасса, теледидар, тоңазытқыш, телефон

Номерде: телефон, теледидар, тоңазытқыш, душ, сан. желі.

Коттеджде: телефон, теледидар, тоңазытқыш, душ, сан. желі, ас бөлмесі, кіре беріс, ашық терасса.

Жолдама құнына 5 уақыт тамақ, тұру және ем қабылдау кіреді.

Емдік шаралар келесі бағыттарда жүргізіледі:
* Тірек-қимыл аппараты
* Асқазан-ішек тракты
* Жүрек-қан тамырлары жүйесі
* Өт жолы-жыныс жүйесі

Емдеу кешеніне:
сумен емдеу шаралары (былау, душ, бүрку), физиотерапевтік шаралар, фитотерапия, минералды сулар, емдік шынықтыру, терренкур және т.б. дәрігердің тағайындауы бойынша.

Қосымша қызметтер:
* бар
* стол теннисі 100 тг/сағ
* бильярд 300 тг/сағ
* сауна 6 чел.3000 тг/сағ
* жаттығу залы 200 тг/сағ
* массаж 200 тг/бөлік
* кинозал
* кір жуу 200 тг/дана

Бронирование





Имя, телефон, email




Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.