Музыкалық аспаптар

Әскери сапарда қолданылған көшпенділердің музыкалық аспаптары.

Ералы Оспанұлы.

“Өте қатты және ұяң дыбыстар, оларды шығарып жатқан аспаптар да жан түршіктірерліктей дауыс шығарып,құлаққа жағымды естіледі.” ( Әбу Насыр Әл Фарби “Музыка туралы үлкен кітап” )

Деректер мен суреттерге қарап соғыс кезінде жаңғырықтар мен дабылдар соғып, ат үстінде немесе тау, жар үстінде ойнап тұрғанын байқаймыз. Ал хан шатыры жанында

кішкене топ аспапшылар ән-күй шырқап жатқанын көреміз. Музыкалық аспаптар көшпенді түркі халықтарда үлкен рөл атқарды. Бұл туралы Бабұр “Бабұрнама” еңбегінде былай деп жазған: “Бешкент пен Самрқанд арасында моғол-көшпенділері оң және сол қанатқа бөлініп, жасақтар көрмесін ұйымдастыратын. Биікке тулар көтеріліп хан ат үстінен түсіп, 9 туды жерге қағып, моғол жігіті бұқаны аяғына байланған жалаумен бірге айдап әкеледі. Жалаудың бір ұшын хан, екінші ұшын мен, 3-ші ұшын сұлтан Мұхаммед ханеке басып тұрады. Моғол бұқаны ұстап тұрып моғолша бір сөздер айтады.Сонда хандар бұрылып жалауға қымыз шашады. Сонда мыс жаңғырықтар ойнап, дабылдар қағылып, әскер ұрандарды айқайлайды. Жан-жақтан шу көтеріліп, лезде тынышталады. Бұл 3 рет қайталанып, басқарушылар атқа мініп 3 рет айналып шығады.” Бұл жерде керней, сырнай, ұрмалы аспаптар – дабылдар, шын, шындабылдар, дауылпаздар, нардауылпаздар, литаврлар неге моғолдар туралы айтатынды, өйткені орта Азия, немесе Дешті-Қыпшақ әскерлерін моғол- түркі елдері болатын. Мысалы: Қытай ханының 100000 атты әскерінен 4000 ғана этникалық моғолдар болатын. Бадұр атағын моғолдар, моғолдар болып табылады, бірақ 200 жылдықта толығымен түркі дәстүрлеріне берілгендер монғолдардың түркілерге айналуына моңғол тайпасының барлас руынан шыққан Әмір Темір кезінен басталған. Егер суреттерге қарайтын болсақ, онда музыкалық аспаптардан қарнай-жаңғырыңдарының түрі әр түрлі болатын. Түзу формасымен бірге, қисықтары да кездеседі. Біреулері жайлап қисайып тұрса, біреулері қатты бүгілген жерлері бар. Накарлар мен карнайлар қазіргі кезде де өзбек, тәжік ауғандарда қолданылады. Ал Қазақстанда мұндай аспаптар XVIII ғ-ң жартысында қалып, ұмытылып кеткен. Ал дабыл, шындабыл, дауылпаз, нардауылпаз туралы айтатын болсақ, онда 2 үлкен дабылды суреттерден жер үстінде қатып ойнағанын немесе ат үстінде отырғанда арттарына қыстырып қойғанын көреміз. Сонымен қатар, нардың арқасының 2 жағына немесе 2 өркешті бактрион арқасына іліп қойғандарын байқаймыз. Шындабыл және дауылпаз суреттерін бөлек атшылар ертоқымда байқаймыз неге оларға бөлік рөл берілгенін кейбір ортағасырлық жазбалардан білуге болады. Мысалы, Әмір Темірде, Шыңғысханда сияқты. 12 жоғарғы биліктегі әскер басшылары болатын, міне осыда Әмір Темір жазбаларында мұндай әскер басшыларда арнайы белгі-таңбалардан бунчуктардан басқа арнайы әскери дабылдар болатын. Бұл дабылдарды соғу арқасында олар батырларға бұйрық береді. Олар қашықтықта немесе түнде алдыда кім келе жатқанын білуге болады. Өз адамдары ма, жоқ жау ма? Әр батырдың төбелесте өзінің арнайы дабыл дыбыстары бар. Мұндай дәстүр Қоқан хандығы мен Бұхар әмірлігінде қолданылатын. Бұған дәлел мәуілдір тарихи-аймақтың мұражайындағы сақталған жалғыз шындабыл түрін айтуға болады. Бұл жерде сонымен қатар оңт. Қазақстан ақындарының жинаған заттарында бар.

Жоғары аталған шындабыл атақты ақын және батыр Мәдәліқожа Жүсіпқожаұлына көп қызмет еткен. Негізінен қазақтың батырлық эпостарында түрлі музыкалық аспаптар туралы естуге болады. Мысалы: “Қамбар батыр” эпосында?

Қараман шықты қаладан Кернейлері бапылдап, Байрақ, тулар көтерген, Алтыннан қалқан жарқылдап Сыбызғы, сырнай шақылдап…

"Қара қыпшақ Қобыланды батыр" эпосынан үзінді:

Қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген,
Алдына дабыл төңкерген…

Cол жерден:

Керней-сырнай тарттырып,
Түп зеңбірек аттырып…

Мұндай мысалдар өте көп.
Үзінділерден байқайтындарымыз батырлар көбінесе үрмелі аспаптар қолданған. Ал дәстүрлері қазақтың аспаптары домбыра және қобыз туралы әңгіме басқаша. Мысалы: итальян саяхатшы Марко Поло Алтын Ордадағы шайқас барысын бейнелегенде өзінің кітабында 1298-жылы жазылған, ХІІІғаяғында “Татарлар олардың басшылары кернеде ойнамай тұрып , шайқасты бастамайды, және тағы бір мәселе шайқас алдында татарлар екі шекті аспапта ойнап, өлең айтып, ойнап қызықтайды” Екі шекті аспап, қазақтың домбырасы болып табылады. Қобыз туралы және оның маңызы туралы оғыз-қыпшақтардың эпостарынан көруге болады. “Қорқыт атаның кітабы” “ туралы батыр төбелес алдында өзінің әскери достарына: “Жігіттер менің қобызымда ойнаңдар, сонда менде жігерлік ойянады” Қобыз туралы айтқанда Қорқыт атаны айтпасқа болмас. Қорқыт ата ең алғаш рет осы музыкалық аспаппен күй шығарған. Сол арқылы ол өлімді жеңіп, рухани мәңгілікті тапты. Плутарх өз еңбегінде дабыл туралы былай деген: “Қорқынышты дыбыстар шарқ ете түсті. Дай-массақтар тайпасына жақсы таныс бұл дыбыстар олардың тыңдай білу сезімдерін, жан-дүниені түршіктіріп, қорқыныш тудыртады.”
Келесі жазба ғұндардың басшысы Еділ туралы әңгіме болады. “Ол римдіктермен Каталун даласындағы шайқаста жеңіліс тауып, шегінуге мәжбүр болған. Бірақ Еділ жеңілгенін мойындамай, керсінше қаруланып, жаңғырық қағып, кернейді ойнап, шайқасқа дайын екенін білдіргісі келді” Бірақ мұндай жағдайлар өкінішке орай аспаптардың толық атаулары мен түрлерін сипаттамаған.

Көшпенділердің шайқастарда қолданған музыкалық аспаптар тізімі:

Үрмелі
Сырнай - оны жасау үшін ағаш түтікше қолданылады, шекпен айналдырып байланады. Кейде ағаш орнына аңдардың мүйіздері мен сүйектері қолданылады. Бұл сөздің этимологиясы иран сөзінен шыққан “сурнай, зурнай – яғни сырнай”. Екі үрленетін түтікше ретінде қоссырнай пайдалынады Керней – үлкен үрмелі түтікше, мыс пластинамен балқытылып, бүгіліп жасалынады. Парсы сөзінен “керней” – мүйіз, үрлейтін түтікше. Накар - әскери дабыл. Парсы сөзінен дабыл дегенді білдіреді.

Ұрмалы
Дабыл- екі жағынан иленбеген бұзай терісімен қапталады. Бұл аспап көбінесе қазақтың батырлық эпостарда жырланады. Даңғыра немесе дағыра – бір жағынан ғана терімен қапталған, ішінде металл ілмелер бар. Бақсылар бұл аспапты көз тигенде, күнделікті шаруашылықта қолданған. Парсы сөзі – тәғар, тағара сөзінен шыққан. Кепшік - қоңырау секілді дауысы бар аспап, ол да бір жағынан терімен қапталады, бірақ металл ілмелері жоқ. Дауылпаз – ағаш ошақ тәрізді пішіні бар бұзау немесе ешкі терісімен қапталады. Этимологиясы көне парсы дауыл деген сөзінен шыққан. Шыңдауыл, шындабыл – дауылпаз сияқты пішіні бар, бірақ металлмен жасалған. Шың – тегіс, дөңгелек мыстан жасалған. Қазаңдауылпаз – оның жасалуына шойын қазан қолданылады, терімен қапталады. Нардауылпаз – үлкен әскери дабыл, пішіні ағаш бөлшектерден жиналады. Ішекті және шертпелі аспаптардан домбыра мен қобыздан басқа авторлардан аспаптар табылмады.

Бронирование





Имя, телефон, email