Шарын

Чарын

Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: “Қамалдар аңғары” , “Жалмауыз кемпір шатқалы” және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы – 2 км, ені – 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады. Шетен тоғайы Шарын шатқалындағыдай шоқ болып әлемнiң тек екi-ақ жерiнде – Қазақстан мен Солтүстiк Америкада ғана сақталған. 1964 жылдан бастап шетен тоғайы табиғат Ескерткiші деп жарияланды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған. Мұндағы 1500 өсiмдiк түрiнiң 17-сi «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына» енген. Ал жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 62, ұя басатын құстардың 103, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрi бар. Шатқалдың жартасты жақпарлар тiзбегiнен табиғат зерттеушiлерi петроглифтердiң тұтастай көрмесiн – палеолит суретшiлерiнiң жартасқа салған суреттерiн тапты. Ежелгі суретшілер туындылары өзінің айрықша айқындылығымен және нақтылығымен таңғалдырады. Ондағы аңшылықты бейнелеген көрiнiстер мен жабайы аңдардың жеке тұрпаттары бұл аймақтың палеолит дәуiрiндегi жануарлар дүниесiнен нақты хабардар етедi.

Бронирование





Имя, телефон, email



Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.