Алтын Емел

Орта Азияның жүрегінде, Алматыдан 160 шақырым қашықтықта Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең ірі Ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы бар. Бұл қорық жері көшпенді тайпалардың тарихи өмірін сақтап келеді. Ең әсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандардың биіктігі 20метр, диаметрі 100метр, б.з.д. VII-IIIғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Өсімдік әлемінің 634 түрі бар, оның ішінде 41 сирек кездесетін, ал 29 түрі эндемик болып табылады. Бұл жерде кезінде Орта Азияны мекендеген тұяқты жануарларды кездестіруге болады. Олар: құландар, архарлар, сібір тау ешкілері. Саябақ шекарасында жабайы қабандар бар.Жануарлар әлемінің 50 түрі бар

Бронирование





Имя, телефон, email