Алакөге қалай жетуге болады

Алматыдан Автомобильде:

Километраж спидометрден алынған, сондықтан бір-екі километрге шатыс болуы мүмкін.


0 км – старт, қала шекарасындағы нөлдік белгі,қапшағай трассасының ең бастауы.

56 км – Капшагай қаласына кіру.
67 км – Бақанасқа бұрылысы бар жолайрық,ал бізге тіке жүру керек.

95 км – Шенгелді ауылы.

120 км – Арқарлы асуының бастауы.
156 км – Сарыөзек қаласының қасындағы жолайрық, бізге солға.

245 км – Талдықорған қаласына кіру, жол үстінде монументальді арка бар, бірнеше метрден кейін қалқан орналасқан, онда бағыттар көрсетілген: тіке- Талдықорған, оңға - Өскемен. Бұл жерде оңға бұрылып, айналмалы жолмен жүрген дұрыс.
308 км – сақиналы жолайрық, бізге солға.

373 км – Жансүгіров ауылы.
410 км –Сарқан қаласы.

461 км – Лепсі өзенінің бойындағы көпір, Алакөл ауданының бастауы.
507 км –Кабанбай ауылы, бұл жерде сақиналы жолайрық орналасқан, мұнда біз солға Өскемен қаласының бағытына қарай бұрыламыз.
557 км – жолайрық: солға - Өскемен қаласына қарай жол, бізге оңға.
566 км – АЗС. Одан кейін оңға бұрылып, Достық ауылына қарай жүреміз.
630 км – Акши ауылына қарай бұрылыс.

650 км – Көктума ауылына бұрылыс. Алдымызда Алакөл. Біз мақсатымызға жеттік.

Бронирование





Имя, телефон, email




Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.