Айгерім

Демалыс базасы Алакөл көлінің жағасында орналасқан және 3-, 4-, 5-орынды номерлері бар 2-этажды корпусты қамтиды. Бағасы демалыс уақытына байланысты. Ыңғайлықтар сыртта орналасқан. Асханада күніне 3 рет тамақтану. 7 жасқа дейін балаларға 25% жеңілдік. Ыңғайлықтары (салқын және ыстық су, тоңазтқыш, теледидар) ішінде орналасқан 4,6,7 орынды ағаш үйлер бар. Тамақтану кірмейді. Рейсті автобус жүреді.

Алакөлге қалай жетуге болады Алматыдан

"Айгерим" демалыс базасының территориясы жасыл жамылғымен жамылған, сонымен қатар мейрамхана, кафе-бар, бильярд, караоке, балаларға арналған ойын алаңы, демалуға арналған орындықтар, сыра бары, тенис бар, күн сайын би кеші болады. Жағажай жағалаудан 50 м қашықтықта орналасқан. Территория толығымен қоршалған және қоғауға алынған. Машиналарға арналған төбесі жабық тұрақ бар.


Сонымен бірге ақылы қызметтер көрсетіледі: су мотоциклдері, қыдыруларға арналған катерлер және "Құс Аралына" экскурсия, "Барлық-Арасан" санаторийіндегі ыстық минералды суларға микроавтобуспен сапар. Демалушылар ыстық ванналар қабылдай алады. Құрамы кальцийлі-натрийлі-хлоридті сулар тобына жатады. Ол тері, буын ауруларын, артрит, артрозо-артрит, гинекологиялық ауруларды емдеуде және жүйке жүйесін тыныштандыруда қолданылады.

"Айгерим" демлыс үйлерінің сипаттамасы

Стандартты номерлер – қалқан тәріздес үй. Секцияда 3 бөлме бар. Орындар саны 8-9 төсек. Секцияда тоңазтқыш, кондиционер, салқын суымен қол жуғыш, дәретхана бар.

Комфортабельді коттедждер - 6-7 орынды. Үйде 3 бөлменің 2-еуі жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі, дәретхана, душ, салқын және ыстық су бар. Жатын бөлмелерінде үш төсектен болады. Қонақ бөлмесінде кондиционер, тоңазтқыш, спутник, теледидар бар. Сонымен қатар терасса бар.

Отбасы коттеджі ағаш үйлер. Екіге бөлінген үлкен бір бөлме. Номерде 2 орынды төсек,демалыс бұрышы, кондиционер, тоңазтқыш, дәретхана, ыстық және салқын суы бар душ, спутник, теледидар бар.

Екі этажды ағаш коттедж – 2 кірер есігі бар. Үйдің екінші этажында 2 жатын бөлмесі, ал бірінші этажында қонақ бөлмесі бар. Номерлерде спутник, теледидар, кондиционер, тоңазтқыш, дәретхана, ыстық және салқын суы бар діуш бар.

Стандартты – 15 секция
01.06.-16.06. ересек адамға – 3500 тг тәулігіне
14.06.-15.08.ересек адамға – 4500 тг тәулігіне
16.08.-31.08.ересек адамға – 3500 тг тәулігіне
3 мезгілді тамақтану.

4 орынды ынғаалы ағаш үйлер – 10 үй
01.06.-16.06. – 15000 тг тәулігіне
14.06.-15.08.– 20000 тг тәулігіне
16.08.-31.08. – 15000 тг тәулігіне
Тамақтану кірмейді.

6-7 орынды ыңғайлы коттедж – 10 үй
01.06.-16.06. – 17000 тг тәулігіне
14.06.-15.08.. – 22000 тг тәулігіне
16.08.-31.08. – 17000 тг тәулігіне
Тамақтану кірмейді.

Ыңғайлы отбасылық коттедждер – 6 үй
01.06.-16.06.– 15000 тг тәулігіне
14.06.-15.08.– 20000 тг тәулігіне
16.08.-31.08.. – 15000 тг тәулігіне
Тамақтану кірмейді.

Екі жатын бөлмесі бар ағаш коттедж - 2 үй
01.06.-16.06. – 18000 тг тәулігіне
14.06.-15.08. – 24000 тг тәулігіне
16.08.-31.08. – 18000 тг тәулігіне

7 жасқа дейінгі балаларға 25% жеңілдік туу туралы куәлікті ұсынған кезде.
Бағалар өзгерген болуы мүмкін!

Бронирование





Имя, телефон, email



Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.